Avon Сruelty Free International Leaping Bunny бағдарламасының сертификатын иеленеді

Avon компаниясы Cruelty Free International компаниясымен ынтымақ орнатқанын жариялады. Оның аясында косметика бренді этика нормасын сақтайтын өнімдердің әлемге әйгілі алтын стандарты Leaping Bunny бағдарламасының сертификатын иеленеді.

Leaping Bunny бағдарламасының сертификаты Avon-ның жануарларды қорғауға бағытталған 30 жылдық міндеттемесін растайды және Avon-ның жануарларды сынақтан өткізуге бас тартқан алғашқы халықаралық косметикалық компания мәртебесін көрсетеді. Leaping Bunny мақұлдаған алғашқы Avon өнімдері —  Fragrance парфюмерия желісі, Avon Care деген бет және дене күтіміне арналған өнімдер және Anew деген бет күтіміне арналған өнімдері. Қалған барлық басқа өнім желісі 12 ай ішінде мақұлдануы керек.

Cruelty Free International Leaping Bunny халықаралық бағдарламасы cruelty-free өнімдерінің халықаралық алтын стандарты болып саналады. Оның талаптары жануарларды сынақ үшін қолдануды шектейтін заңдардан да қатаң. Олардың сертификатын иелену үшін Avon-ның барлық жеткізу тізбегі Leaping Bunny-дың мұқият тексерісінен өтті.

Бағдарлама — қатысушылардан жеткізушілерді бақылау жүйесін енгізуді, қоспалар өндірушісінің деңгейін, жеткізу тізбегін тексеруді, жануарларды сынақ үшін пайдаланбау саясатын қаншалық сақтап-сақтамайтынын, өнімнің стандарттарға қаншалық сай екенін тексеретін тұрақты әрі тәуелсіз аудиттерді жүргізуді талап ететін жалғыз этикалық өндіріс стандарты. Leaping Bunny талаптары туралы қосымша ақпаратты мына сілтемеден табуға болады.

Avon компаниясы үш онжылдық бойы жануарларға арналған косметикалық тестілеуді тоқтатуға және баламалы зерттеу әдістерін тануға ұмтылып жатыр. Avon-ның мақсаты — тұтынушылардың қажетін қанағаттандыратын және жануарлардың әл-ауқаты принциптеріне, жоғары қауіпсіздік стандарттарына, норматив талаптарына және сәйкестікке қайшы келмейтін этикалық өнімдерді өндіру.

2017 жылдан бастап Leaping Bunny сертификатын алғысы келетін брендтер саны 190%-ке өсті. Бұл cruelty-free өнімдеріне жаһандық тұтынушылық сұраныс брендтердің жұмысына әсер ететінін көрсетеді.

Мен Avon компаниясымен серіктестігімізді жариялауға қуаныштымын. Бірлескен күш-жігермен біз косметиканы жануарларда сынауды тоқтатуға көмектесеміз. Leaping Bunny бағдарламасы арқылы Fragrance, Avon Care және Anew желілерін мақұлдау жаһандық Avon бренді үшін биік белес болып саналады. Мен алдағы 12 айда өзара ынтымақтастығымызды жалғастыруды және Avon өнімдерінің барлық ассортиментінің мақұлдау алуын асыға күтемін. Leaping Bunny отбасына қош келдіңіз!, — деді Cruelty Free International компаниясының бас директоры Мишель Тью.

Орталық Азиядағы Avon-ның бас директоры да пікірін білдірді.

Біз Avon-да өнімдерді жануарлар арқылы сынауды өткеннің белгісі ретінде санаймыз. Технология мен ғылымның дамуының арқасында бүгінде біздің өнімдеріміздің қауіпсіздігін растау үшін көптеген балама тестілеу әдістері бар. Әлемді жақсы ортаға айналдыруға ниет етуге ұмтылатын бренд ретінде біз Avon компаниясының Cruelty Free International компаниясымен серіктестігін мақтанышпен жариялаймыз, — деді ОрталықАзиядағы Avon-ның басдиректоры Әсел Садықұлова.

Айта кетейік, Cruelty Free International — жануарларға эксперимент жасауды қаламайтын немесе қажет деп таппайтын әлемді құруға бағыт алған жетекші ұйым.