Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда табиғатты...

Қазақстанда табиғатты қорғау қызметкерлерінің жалақысы 100%-ке өсті

Қазақстанның табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Бұл туралы Рrimeminister.kz хабарлады.

Биылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанның табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысына 100% үстемеақы қосылады. ҚР үкіметі мемлекет басшысының аталған салада еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында тиісті қаулы қабылдады. Құжатта адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыс үшін қосымша ақы белгілеу көзделген, — делінген хабарламада.

Еңбек жағдайлары ерекше құрылымдар қатарына жануарлар дүниесін қорғау, орманды қорғау және қалпына келтіру, мемлекеттік орман қорғау және т.б. мамандандырылған ұйымдар жатады.

Енді қызметкерлердің орташа жалақысы атқаратын қызметі мен жұмыс өтіліне байланысты 101 мыңнан 320 мың теңгеге дейін ұлғаяды. Осы салада 12 876 қызметкердің жалақысы көтеріледі, — делінген хабарламада.