Ақмола облысының Қорғалжын ауданында 25 гектар алаңда қамыс өртеніп жатыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға тікұшақ жұмылдырылды.
Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Шалқар ауылынан 35 шақырым жерде орналасқан «Қорғалжын қорығы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында қамыс өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің және орман шаруашылығының күштері мен құралдары жұмылдырылды. Сонымен бірге Қазавиақұтқару тікұшағы да тартылды. Сөндіру жұмыстары басталған сәттен бастап өрт ошақтарына 60 тонна су төгілді.