Басты бет Жаңалықтар Қазақстан құрамасы Кипрден 3:1 есебімен ұтылды

Қазақстан құрамасы Кипрден 3:1 есебімен ұтылды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Кипрмен жолдастық кездесу өткізіп, 3:1 есебімен ұтылды. Ойын Кипрдің Ларнака қаласында өтті.

Ойынның бірінші таймында Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен алаң иелерін ұтып шықты. 29 минутта Ғафуржан Сүйімбаевтан пас алған Таңат Нөсербаев ойындағы есепті ашты. Оның өкшесімен тепкен добын Кипр құрамасының қақпашысы қайтара алмады. Алайда екінші таймда Қазақстан құрамасының қорғанысы көп қателіктерге бой алдырды. 56 минутта Несторас Митидис таразы басын теңестірсе, араға 6 минут сала Фанос Кателарис алаң иелерін алға шығарды. Ал 66 минутта Димитрис Христофи Қазақстан құрамасының қақпасына үшінші голды соқты. Одан кейінгі аралықта бұл есеп өзгермеді.

Айта кетейік, бұл жолдастық кездесу ресейлік жаттықтырушы Александр Бородюктің құрама тізгініндегі алғашқы ойыны. Қазақстан құрамасы 26 наурыз күні 2018 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Армениямен ойнайды.

2 пікір

  1. Қазақтың намысын қорғайтын бір де бір футболшы шықпады ғой! Бокс, Гена жақсы әрине бірақ ешбір спорт түрі елдің атын футболдай шығар алмайды!

  2. Елдин акшасын сорып кыдырып кайткандарына маз. Дурыстап футбол ойнаса болады гой!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version