Батыс Қазақстанда құрғақ шөп өртенді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт 9 шілде күні болған.
Теректі ауданы Шалқар ауылдық округінің Сарыөмір кентінен 10 километр қашықта болды. Дала аймағында екі учаскеде Егінсайда 45 гектар және Кірпіде 40 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді, — делінген хабарламада.
Департаменттің мәліметінше, елдімекенге қауіп төніп тұрған жоқ. Сағат 15.40-та даладағы өрт оқшауланды. Өртті сөндіруге өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің 16 адамы және төрт техникасы, жергілік атқарушы органның 25 адамы және алты техникасы жұмылдырды.
Ал облыстағы ауа температурасы +38 градус ыстық.