Биыл Астана күніне орай отшашу болмайды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астананың 25 жылдығына орай 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Оның 90-ға жуығы — елорданың бүкіл тұрғындары мен қонақтары үшін тегін.
Сонымен қатар мереке күндері бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуы, соның ішінде оқушылар сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, аулалар мен қоғамдық кеңістіктер ашылып, үлескерлерге пәтер кілттері табысталады, — делінген хабарламада.