Сенат депутаттары жоғарғы сот судьяларын сайлады.
Президент жоғарғы сот судьның бес орнына 10 адамның кандидатурасын ұсынды. Сенаттың шешімімен бес үміткер жауапты қызметке сайланды.
Олар — Ерлан Айтжанов, Ғабит Әлжанов, Гүлмира Исамберлиева, Қымбат Көміртасова мен Нұрлан Құрманғалиева. Жаңадан сайланған судьялар сенаттың алдында ант берді.
Айта кетейік, бұған дейін Ерлан Айтжанов мен Нұрлан Құрманғалиев Алматы қалалық соттың судьясы болған.
Ғабит Әлжанов Павлолар облыстық сотта, Гүлмира Исамберлиева Атырау облыстық сотта, ал Қымбат Көміртасова Қарағанды облыстық сотта қызмет етті.