Сенат жоғарғы сот судьясын қызметінен босатты

Бүгін сенат отырысында депутаттар жоғарғы сот судьясы Дана Тоқмурзинаны қызметінен босатты.

Сенатқа тиісті ұсынысты мемлекет басшысы енгізді. Сенаторлар оны бірауыздан қолдады.

Парламент сенатына Тоқмурзина Дана Айтмағанбетқызын басқа жұмысқа ауысуына байланысты жоғарғы соттың судьясы қызметінен босату туралы ұсыныс енгізілсін, — делінген құжатта.

Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Денис Шипптің айтуынша, Тоқмурзина корпоративтік секторға оралу туралы шешім қабылдаған.