Басты бетЖаңалықтарЭнергетика министрі...

Энергетика министрі ЖЭО-ларды тексеруді СҚО-дан бастайды

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жылу электр орталықтарын тексеру үшін өңірлерге барады.

Оның айтуынша, энергетика министрлігі жанынан қысқа дайындық бойынша жедел штаб құрылды.

Мәжілістің пленарлы отырысында тиісті энергетикалық нысандарды тексеру үшін өңірлерге бару қажеттігі туралы мәселе қойылды. Осыған байланысты өңірлерге бару кестесіне түзету енгізілді. Ертең біз Солтүстік Қазақстан облысына баруды жоспарлап отырмыз. Бір аптадан кейін Риддер ЖЭО-ға, содан кейін араға бір-екі апта салып барлық энергетикалық нысанды, әсіресе үкімет деңгейінде шешім қабылдауды қажет ететін, әбден тозған жылу электр орталықтарына барамыз, — деді министр үкімет отырысында.