Басты бетЖаңалықтар"Болашақ" стипендиясы...

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

«Болашақ» халықаралық стипендиясы мен ғылыми тағылымдама бағдарламасы бойынша грант иегерлері белгілі болды.

182 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды, оның ішінде 149 адам магистратурада, жетеуі – әлемнің үздік университеттерінің докторантурасында, 26 қазақстандық жетекші университеттер мен өндірістік орталықтарға тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімі бойынша, 328 қазақстандық әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге грант иегері атанды. Отандық ғалымдар машина жасау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім беру, агроөнеркәсіптік кешен, медицина және басқа да салалардағы зерттеулермен айналысады.

Биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау төрт кезең бойынша жүргізіледі. Үшінші кезең 7 шілдеге дейін жалғасады. 17 шілде мен 15 қыркүйек аралығында «Болашақ» стипендиясына үміткерлердің кезекті легі өтеді.

Ғылыми тағылымдама бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 28 тамыз бен 13 қазан аралығында жалғасады.

«Болашақ» стипендиаттарының тізімін мына жерден таба аласыз.

Ғылыми тағылымдама бағдарламасы бойынша грант иегерлерінің тізімі мына жерде.