Алматыдағы Желтоқсан көшесінің кей учаскелерінде көліктердің жүруіне тыйым салынады. Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлады.
23 маусым түнгі сағат 22.00-ден 26 маусым таңғы сағат 7.00-ге дейін Алматының Бостандық ауданында Батыс Желтоқсан көшесі бойынша Ганди көшесінен оңтүстік бағытта Желтоқсан көшесі, 191 үйге дейін екі бағытта көлік қозғалысы шектеледі, — делінген хабарламада.
Уақытша шектеулер көшенің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистральды құбырды қайта қалпына келтіруге байланысты енгізіліп отыр.
Компания келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды. Сонымен қатар жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.