Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге арнайы есеп ашылды. Бұл туралы Абай облысының әкімдігі хабарлады.
Қайырымдылықтан жиналған қаражатты арнайы шоттарға аударады. Барлық қаражат Абай облысындағы өрттен зардап шеккендерге көмекке жұмсалады, — делінген хабарламада.
Реквизиттер:
«Ақ Ертіс» қоғамдық қоры
БСН 220 840 037 964
арнайы банк шоты
KZ80601A261001216131
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
BIC HSBKKZKX
Кбе 18
Қазақстандықтар жеке қайырымдылық қаражатын «Ақ Ертіс» ҚҚ шотына арнайы QR коды арқылы және Kaspi.kz қосымшасында аудара алады:
1. Kaspi.kz қосымшасына кіріңіз
2. «Төлемдер» бөліміне өтіңіз
3. Іздеу жүйесінде қордың атын енгізіңіз
4. Соманы көрсетіңіз, төлеңіз.
Еске салайық, Семей орманындағы өрт 8 маусымда тұтанды. Өрт 60 мың гектардан астам алқапты шарпып, 15 адамның өмірін жалмады.
9 маусымда өрттің аумағы 20 мың гектарға жетті. От ошағына жақын маңдағы елдімекендердің тұрғындары эвакуациялана бастады. Семейде орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды.
10 маусымда өртті сөндіруге төтенше жағдайлар министрлігінен, орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және қорғаныс министрлігінен 1 000-нан астам адам, шамамен 252 техника жұмылдырылды.
11 маусымда мемлекет басшысы Абай облысына барып, қаза болған қызметкерлердің туыстарымен кездесті. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа өз міндетін тиісті деңгейде атқармағаны үшін сөгіс жарияланды.
Мемлекет басшысы Семейде орманшылардың отбасы-жақындарымен кездесуде 12 маусым елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланатынын жеткізді.
12 маусымда Абай облысындағы өрт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
13 маусымда өрттен қаза болғандардың отбасына 7 миллион теңгеден және әр балаға 2 миллион теңгеден бөлінді.
14 маусымда мемлекет басшысының жарлығымен «Семей орманы» резерватының 14 қызметкері «Құрмет» орденімен марапатталды.
Алапат өртпен күрес әлі жүріп жатыр.