«Семей орманы» резерватының 14 қызметкері «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.
Қызметтік борышын орындау кезінде қаза болған «Семей орманы» резерватының 14 қызметкері «Құрмет» орденімен марапатталды. Мемлекеттік наградаларды қайтыс болған қызметкерлердің туыстарына экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова табыстады. Сонымен қатар қаза болғандардың отбасыларына барып, көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты, – делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының жарлығымен Абай облысында болған төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Құрмет» орденімен марапатталғандар:
1. Тоқтасын Серікжан Бақытбекұлы (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалының инженері;
2. Жиенбаева Мейрамгүл Құсайынқызы (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының басшысы;
3. Губаев Алексей Григорьевич (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының орман шебері – мемлекеттік инспекторы;
4. Начинёнов Константин Сергеевич (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы;
5. Нұржігітов Саят Нұржанұлы (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы;
6. Сидорин Виктор Александрович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы;
7. Сидорин Александр Викторович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы;
8. Фоминых Максим Владимирович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы;
9. Гражданкин Петр Александрович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының орман өрт сөндірушісі;
10. Пузырев Сергей Николаевич (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының орман өрт сөндірушісі;
11. Дарибаев Александр Викторович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының тракторшысы – машинисі;
12. Ганьшин Даниил Евгеньевич (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының көлік жүргізушісі;
13. Пузырев Николай Иванович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы орталық орманшылығының көлік жүргізушісі;
14. Дүйсембаев Амангелді Спатайұлы (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалының көлік жүргізушісі.
Еске салайық, Семей орманындағы өрт 8 маусымда тұтанды. Өрт 60 мың гектардан астам алқапты шарпып, 15 адамның өмірін жалмады.
9 маусымда өрттің аумағы 20 мың гектарға жетті. От ошағына жақын маңдағы елдімекендердің тұрғындары эвакуациялана бастады. Семейде орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды.
10 маусымда өртті сөндіруге төтенше жағдайлар министрлігінен, орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және қорғаныс министрлігінен 1 000-нан астам адам, шамамен 252 техника жұмылдырылды.
11 маусымда мемлекет басшысы Абай облысына барып, қаза болған қызметкерлердің туыстарымен кездесті. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа өз міндетін тиісті деңгейде атқармағаны үшін сөгіс жарияланды.
Мемлекет басшысы Семейде орманшылардың отбасы-жақындарымен кездесуде 12 маусым елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланатынын жеткізді.
12 маусымда Абай облысындағы өрт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
13 маусымда өрттен қаза болғандардың отбасына 7 миллион теңгеден және әр балаға 2 миллион теңгеден бөлінді.