Орталық Азиядағы Go Viral қауымдастығы мен Астанадағы АҚШ елшілігі екі күндік Go Viral фестиваліне шақырады. Бұл фестиваль медиа, бизнес, мәдениет және технология саласындағы сарапшылар мен белсенділерді біріктіреді. Фестиваль 23-24 маусым күндері Rixos President Astana қонақүйінде өтеді.
Go Viral қауымдастығы 2017 жылдан бастап журналистерді, кәсіпкерлер мен өнер қайраткерлерін медиа, мәдениет, бизнес және технологияны дамытуға шабыт беріп келеді.
Биыл фестивальдің тақырыбы – «Go Viral 2023: шабыт бер де, өзара әрекеттес бол». Фестивальге MediaWaves, Sagi, Masa.media және Alem сияқты әртүрлі компания мен ұйымдардың атынан 35-тен астам спикер қатысады.
Фестиваль хедлайнерлері – Америка Құрама Штаттарынан келген спикерлер болады. Олар: Butter Payments-тің негізін қалаған, Forbes 30 Under 30 тізіміндегі Виджей Менон және халықаралық журналист, Seen-нің (бұрынғы Hashtag Our Stories) тең құрылтайшысы, мобильді журналистика мен цифрлы сторителлиң амбассадоры, TEDx спикері Юсуф Омар. Ол әлемнің 140 елінен 20 мыңнан астам журналисті оқытқан. Юсуф Омар видеожурналистика арқылы қалай танымал болуға болатынын және контентті монетизациялау жолын түсіндіреді.
Оған қоса Go Viral 2023 фестивалінде Катерина Суворова, Әсем Жәпішева, Қанат Бейсекеев, Әсем Нұрғалиева және Нұрмахан Ахметов сияқты танымал тұлғалар мен әлеуметтік желідегі белсенділер сөз сөйлейді. Фестиваль спикерлерінің қатарында журналист, жеке бренд бойынша сарапшы, кәсіпкер, сән продюсері, контентмейкер Динара Сәтжан, «Әділ сөз» сөз еркіндігін қорғау халықаралық қорының президенті Карла Жаманқұлова, кәсіпкер, инвестор Қайрат Меңдіғалиев және A2 супермаркеттер желісінің негізін қалаған Мирас Ибраимов та бар.
Фестивальде стартаптар үшін PIZZA Pitch өтеді.
Шарада DJ Mark Redlights, америкалық Re Acapella тобы және Radio Band өнер көрсетеді.
Go Viral 2023 фестивалінің басты серіктесі – Astana Hub, қосымша серіктестері – Spirit of America, Chevron және Education First.
Фестивальдің бағдарламасын мына жерден көруге болады.
Go Viral – Орталық Азия елдеріндегі медиа, бизнес, мәдениет және технология өкілдерінің нетуоркиңі мен қауымдастық құруына арналған жыл сайынғы аймақтық фестиваль әрі платформа. Жобаға АҚШ мемлекеттік департаменті қаржы бөліп, Орталық Азиядағы дипломатиялық өкілдіктер қолдап отыр.
2021 жылғы қазан айынан бастап фестивальді бүкіл Орталық Азияда жоба жасау және іс-шаралар өткізу бойынша тәжірибесі мол Орталық Азиядағы Institute for War & Peace Reporting (IWPR) жүзеге асырып келеді.
Барлық сұрақ бойынша, соның ішінде БАҚ өкілдері де Go Viral жобасының Қазақстандағы үйлестірушісі Ақбота Шериязданның [email protected] электрон поштасы немесе +7 701 705 78 07 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.