Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда қандай...

Қазақстанда қандай көліктер көп сатылады?

Бұл қаңтар айымен салыстырғанда 12,2 пайызға артық. Дегенмен, 2016 жылдың ақпанымен салыстырғанда 26,1 пайызға кем.

Ең көп сұранысқа ие көліктердің көш басын ақпан айында Lada бастады. Бір айда бұл көліктің 467-сі сатылса, екінші орындағы Toyota көлігінің 465-і сатылған. Ал үшінші орындағы Renault көлігінің 238-і сатылды. Сонымен қатар үздік бестікте Ravon (159) мен Hyundai (154) бар.

Бұлардан бөлек үздік ондыққа Volkswagen (152), GAZ (150), KIA (136), Nissan (91) және UAZ (87) көліктері кірді.

Маркалар бойынша ең жоғары сұранысқа ие көлік Toyota Camry (186 дана). Екінші және үшінші орында тиісінше, Lada Largus (164) және Lada 4×4 (135). Бестіктің қатарында бұлардан бөлек Ravon Nexia (126) мен Volkswagen Polo (118) бар.

Жаңа көлік сатып алу бойынша ақпан айында Алматы қаласы (730 көлік) көш басына шықты. Екінші орындағы Астана қаласында 501 көлік сатылса, Қостанайда 175 жаңа көлік сатылған. Одан кейінгі орындарда Қарағанды (149), Шымкент (131), Ақтау (119), Орал (101), Ақтөбе (96) және Өскемен (93) қалалары.

ДереккөзNaryk.kz