Қазақстанда LADA көлігінің жаңа үлгісі шығады

Жақында зауыттан LADA Vesta, LADA XRAY, универсал Largus және лифтбек Granta үлгілері шығарылады. «АвтоВАЗ» ЖАҚ президенті Николя Мордың айтуынша, компанияға жаңа экспорттық мүмкіндіктер ашылуда.

Бұған дейін «Азия Авто» зауытында үш LADA үлгісі шығарылды: жол талғамайтын 4х4, седан Granta және универсал Kalina.

Айта кетейік, LADA Granta және Lada Vesta 2016 жылы Еуропада ең көп сатылған үлгілер атанды. Vesta 33 мың сатылған ТОП көліктер арасынан 99-орын алды. Жаңа LADA үлгісі BMW X3 көлігін де басып озды.

Еске сала кетейік, Қазақстандық АвтоБизнес Қауымдастығының президенті Андрей Лаврентьев 2018 жылға қарай елімізде жыл сайын 190 мың автокөлік шығарылатындығын мәлімдеген болатын.

Дереккөзalau.kz