Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды, — делінген жарлықта.
Еске салайық, Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне 2019 жылғы 18 шілдеде тағайындалған еді.