Алматының Алмалы ауданында уақытша суық су болмайды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Сумен жабдықтау желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты, Алмалы ауданында суық су жергілікті түрде ажыратылады.
8 маусымда сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Тілендиев – Райымбек – Розыбакиев – Дүйсенов көшелері шаршысында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады, — делінген хабарламада.