Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚЫҰ парламент ассамблеясы президентін қабылдады

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ парламент ассамблеясының президенті Маргарета Седерфельтті қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Маргарета Седерфельтке ілтипат білдіре отырып, оның сапары Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының парламент ассамблеясы арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін маңызды екенін айтып өтті.

Президент парламенттік дипломатия мемлекеттер мен халықтар арасындағы байланыстарды нығайтуға көмектесетініне назар аударды.

Сонымен қатар ауқымды саяси және экономикалық өзгерістердің жүзеге асырылуы туралы айтты.

Маргарета Седерфельт Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтынын және ЕҚЫҰ парламент ассамблеясы негізгі саяси институттардың жүйелі трансформациялану барысын ерекше қызығушылықпен бақылап отырғанын жеткізді.

Кездесуде Астана халықаралық форумындағы (AIF), сонымен қатар аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.