«Бұйым бәсекеге қабілетті болуы үшін екі нәрсе қажет. Баға сәйкес келіп, сапа жоғары болуы тиіс. Сапа тек қана жаңа технологиялармен жасалады. Әлемдік тәжірибені зерделеу қажет. Баға еңбек өнімділігінің артуымен құрылады. Яғни, энергияны, суды, адам күшін аз пайдаланатын құрал-жабдықтарды, машиналарды, кәсіпорындардағы тетіктерді алмастыру қажет. Сол кезде тауардың бағасы төмендеп, бәсекеге қабілетті бола түседі. Біз дәл осыны үйренуіміз керек. Мәселен, қазақстандық автомобильдер құрастыра бастадық, оны біз барлық жерде сатудамыз. Бұл да бос қуыс деуге болады», — деді ҚР Президенті.
Сондай-ақ, Елбасы бүгінгі күні Қазақстан сиыр етін, бірқатар жеңіл және минералды тыңайтқыштар қолданылмаған, таза экологиялық тамақ өнеркәсібі өнімдерін экспортқа шығара бастағандығын баса айтты.
«Жалпы, елде бизнесті дамыту өте үлкен мәселе. Бұл үшін біз барлық жағдайды жасадық. Несиелер арзандатылды, ставкаларға субсидия берудеміз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.