Басты бетЖаңалықтарҚанат Исламның...

Қанат Исламның Астанадағы жекпе-жегі қашан өтеді?

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы кәсіпқой боксшы Қанат Исламды және танымал кәсіпкер Бауыржан Оспановты қабылдады.

«Біз қазіргі уақытта 9 қыркүйекке белгіледік. Сіздерді білмеймін, біз дайындалып жатырмыз», — деді министр Бауыржан Оспанов пен Қанат Исламға қаратып айтқан сөзінде.

Ал Бауыржан Оспанов Астанадағы ЭКСПО алаңында өтетін жекпе-жекке дайын екендіктерін мәлім етті. Оның айтуынша, жоспар бойынша бокс кешінде бірқатар қазақ боксшылары өнер көрсетпек.

«Біраз боксшылармен келісіп қойдық, Майамида жинап, біздің дайындап жатқан балалармен сөйлестік. Шүменовпен телефон арқылы келісіп қойдық. Олар да шығамыз деп дайындалып жатыр. Біз олардың қаражат жағын, барлығын келісіп алуымыз керек, әрине ертең олар патриот ретінде келе салуы мүмкін, мәселе қарсыластарында ғой. Үлкен деңгейде жекпе-жек өткізу үшін, үлкен белбеуге таласу үшін мықты қарсылас тартуымыз керек. Шүменов, Жанқош Тұраров немесе Жақиянов сынды боксшыларды дайындап қоюымыз керек», — деді Б. Оспанов.

Айта кетейік, министрліктің баспасөз қызметінің xабарлағанындай, бұл кәсіпқой бокс кешінің алдын ала мерзімі. Жұмыс барысында бұл дата әлі өзгеруі де мүмкін.

ДереккөзInform.kz