Қазақстандықтар өз атына кредит рәсімдеуге тыйым сала алады

Қазақстандықтар несие алудан ерікті түрде бас тартуына болады. Бұл электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асады.

Қазақстан азаматтарына кредит алуға тыйым салуға мүмкіндік беретін заң жобасын қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі дайындап жатыр.

Яғни, кез келген адам өз атынан несие алуға тыйым сала алады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, егер азамат несие алудан ерікті түрде бас тартса банктер мен микроқаржы ұйымдары оның атына несие рәсімдей алмайды. Бұл функция алаяқтардан қорғау үшін таптырмас құрал.

Жеке тұлғаның несие алуына тыйым салынған жағдайда алаяқтар арқылы рәсімделген қарызды төлемеуге болады. Бұл сервис еGov веб-порталында және eGov Mobile мобайл қосымшасында қол жетімді, — делінген хабарламада.