Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Ұлттық статистика бюросы 1 мамырда жаңартылған Қазақстан халқының саны туралы мәліметті ұсынды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, республикадағы халық саны 19 миллион 854 мың адамға жетті.

Оның ішінде қала халқы – 12,2763 миллион, ауылдықтар – 7,5777 миллион.

Биыл жалпы өсім 87 276 адам болды, басым көпшілігі – 81 240 адам табиғи өсім есебінен және 6 036 адам көші-қон есебінен.

Сонымен қатар жыл басында елімізде 19 766 807 адам тізімге алынған, яғни халық саны 0,44%-ке өскен.