Ақша айырбастау орындарында доллар 444-448 теңгеден сатылып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 444-448 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444–448 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 445,5–448,5 теңге аралығында құбылып тұр.

1 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,96 теңгеге өсіп, 448,67 теңге болған.

Ұлттық банктің 2 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 448,72 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,56 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,41–5,6 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,46-5,56 теңгеден сатылып жатыр.