Басты бетЖаңалықтарЕліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері республиканың 10 өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, Шымкентте 2 маусым күндіз шығыстан 15-20 м/с жел соғады, өрт тұтану қаупі жоғары.

Абай облысының солтүстігінде өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында 2-3 маусымда 35-37 градусқа дейін ыстық болады. Өрт тұтану қаупі жоғары.

2 маусымда Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

2 маусымда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 36 градус қатты ыстық болады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батыс бөлігінде, солтүстігінде найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

2 маусымда Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

2 маусымда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде 39 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Қызылорда облысында күндіз облыс орталығы мен шығысында 15-20 м/с, шаңды дауылмен екпіні 23 м/с жел соғады. Өрт тұтану қаупі жоғары.

Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, орталығында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с болады.

Павлодар облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі бар.

2-3 маусымда Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұруы мүмкін. Облыстың солтүстік, батыс, таулы және тау баурайындағы аймақтарында шығыстан 15-20 м/с жел соғады, 2 маусымда екпіні 23 м/с болады. Облыстың көп бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

2 маусымда Ұлытау облысының көп бөлігінде 35-37 градус аптап ыстық болады. Облыс орталығында төтенше өрт тұтану қаупі бар.