Абай облысындағы 93 ауылда интернет жоқ

2027 жылға дейін Абай облысының елді мекендерінің 94%-ті сапалы интернетпен қамтамасыз ету жоспарланды. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин желіде хабарлады.

Бағдат Мусин аймақ басшысы Нұрлан Телманұлымен кездесті. Кездесуде Абай облысын кең жолақты интернетке қосудың жол картасы қабылданды.

Интернет қосу — әсіресе шалғай ауылдардың тұрғындары үшін маңызды мәселе. Бүгінгі таңда облыста 331 елдімекен, оның ішінде төрт қала бар.  Абай облысы әкімінің аппараты жүргізген талдауға сәйкес 65% немесе 215 елдімекен интернет бар, 28% немесе 93 ауылда желі жоқ, — деді министр.