Алматыда жол талғамайтын премиум TANK 300-дің презентациясы өтті

Алматыда жол талғамайтын Great Wall Motor — TANK 300 қытайлық автоконцерннің презентациясы өтті.

Қазақстандық нарыққа TANK брендін ресми түрде «Астана Моторс» дистрибьюторы ұсынады. Компания 2022 жылы брендті нарыққа әкелетінін хабарлаған еді, ал биыл мамырда TANK Kuldjinka —  бірінші уәкілетті дилер орталығын ашты.

Автокөліктің жол талғамайтынына ерекше назар аударту үшін презентация «жабайы» пикник стилінде өтті. Онда әйгілі қазақстандық пауэрлифтер мен ауыр атлетика спортшылары өнер көрсетті.

Сонымен бірге мерекелік іс-шарада ең бірінші сатып алушы Мақсұт Жапабаевқа жол талғамайтын көліктің кілті табысталды. Бұл мерекенің ең маңызды сәті болды. Су жаңа көлік иесі не себепті осы автокөлікті таңдағанын айтып берді.

Жұбайым екеуіміз көлігімізді жаңартқымыз келіп, нарықты зерттеп жүргенбіз. Сол кезде назарым бірден қытайлық автопромға түсті, себебі олар кейінгі бірнеше жылда үлкен серпіліс жасады, технологиясы мықты көліктерді ұсынып жатыр. Кейін TANK-тың хабарландыруын естіп, шолуын көріп, қызығып, қызып кеттім. Өмірімде бірінші рет тест-драйв жасамай, бірден сатып алдым, — деді Мақсұт Жапабаев.

астана моторс
Мақсұт Жапабаев жұбайымен. Фото: Астана Моторс

Дегенмен TANK 300-ді Қазақстанда тек Мақсұт емес, презентация қонағы Әділет те асыға күтті.  Ол былтырғы қарашадан бастап жол талғамайтын көлікке қатысты барлық жаңалықты қалт жібермей, қарап отырған. Ал бүгін көлікпен танысу үшін арнайы Астанадан келген.

TANK 300-дің сырт көрінісінің өзі сенім ұялатады. Жол талғамайтын көлікті ұнататындардың бір проблемасы бар. Олар көлігін үнемі жаңартқанды, көлігін күшейтіп, жақсартып тұруды ұнатады. Ал мұнда ештеңе істеудің қажеті жоқ. Мына жол талғамайтын көлікте барлығы бар және ол кез келген экстремал жағдайға дайын. Оған қоса көліктің сипаттамасы да, дизайны да, бағасы да тиімді, — дейді Әділет.

астана моторс
Фото: Астана Моторс

TANK 300 — жиектемелі, толық жетекті, оған қоса тәуелсіз алдыңғы аспасы, кесілмеген көпірі, екі доңғалақ арасында дифференциал төмендету және құлыптау жүйесі бар. Корпусы толық металдан, мойынтіректері резеңке-металдан жасалған. Жүріс бөлігі өте қуатты. Конструкциясы үшін өте берік болат қолданылған.

TANK 300-дің көлемі орташа, оның бензин турбомоторы — екі литр (227 л.с. және 381 Hм), оған қоса ZF маркасының сегіз сатылы автомат берілу қорабы бар.

астана моторс
Фото: Астана моторс

Бұл автомобиль күрделі толық жетекті озық технологияларымен және премиум класс интерьерімен жабдықталған. Оның мықты, сенімді стилі ерекше екені және кез келген жағдайға төзімді екені бірден көрініп тұр. TANK 300 кез келген жерде кез келген мәселеңізді шешіп беретін сенімді серігіңіз болары анық, — деді TANK-тың Қазақстандағы дистрибьютор директоры Владимир Сошкин.

астана моторс
Фото: Астана моторс

ТANK 300 жол талғамайтын көліктің негізгі топтамасының бағасы — 18 990 000 теңге.

Зауыт бес жылға немесе 150 000 шақырымға кепіл береді. Автөкөлікті Алматыдағы және Атыраудағы дилер орталығынан алуға болады. Басқа қала тұрғындары сайт арқылы өтініш бере алады. Дистрибьютор жыл соңына дейін Қазақстанның барлық аумағын қамтуды жоспарлап отыр.