Қазақстандық фотографтар HUAWEI P60 смартфоны сериясына Алматы көрінісін түсірді

Huawei компаниясы танымал қазақстандық фотографтардың Алматы бейнеленген мобайл суреттер көрмесін таныстырды. Авторлар барлық фотоны P сериясының флагмандары — HUAWEI P60 және HUAWEI P60 Pro смартфондарына түсірген. Көпшілік фотокөрмені жаздың екі аптасында тамашалай алады.

TIPA Awards 2023 байқауында DxOMark Camera сарапшылары HUWEI P60 Pro смартфонын «Үздік фотосмартфон» номинациясы бойынша марапаттады. Бұл байқауда 2023 жылдың ең жақсы смартфондары көрсетілгенін айта кеткен жөн.

HUAWEI Device Kazakhstan фотокөрмесі Дарья Дунич, Арман Женикеев және Виктор Магдеевпен сияқты әртүрлі жанрдағы кәсіби фотографтармен бірлесіп жасадық. Бұл HUAWEI-дің суреттерді өңдеу саласындағы революция серпілісі ғана емес, сонымен қатар озық коммуникация технологиялары мен жетілдірілген EMUI 13.1 перациялық жүйесі. Жаңа смартфон ландшафт пен урбанизмнің барлық әсемдігі мен ерекшелігін, Алматы тұрғындарының таңғажайып сұлулығын эскизде жеткізуге мүмкіндік берді, — деді ұйымдастырушылар.

Фото: Huawei

Бұл идеяны «ALMATY CREATIVE» креатив индустрияларды дамыту орталығы қолдады.

Бұл ерекше көрме Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына шығармашылық серпіліс беріп, шабыт сыйлап, креатив мүмкіндіктеріне жол ашады деп сенеміз, — деді Almaty Creative бас директоры Кайсар Сарыбаев

HUAWEI P60 сериясы эстетика және фотосурет сипаттамаларын мирас етіп, оптика мен дизайнда тағы бір серпіліс жасап, сымды және сымсыз батарея функциясының сыйымдылығын арттырды. Абсолют автономия 4815 мАч сымды HUAWEI SuperCharge 66 Вт (HUAWEI P60 үшін) және 88 Вт (HUAWEI P60 Pro үшін), 50 Вт жылдам сымсыз қуаттау және 7,5 Вт кері сымсыз қуаттау арқылы қамтамасыз етіледі.

Жаңа смартфондардың басты ерекшелігі — Ultra Lighting негізгі камерасы бар XMAGE Ultra Light камерасы, F1.4-F4.0 автоматты реттелетін физикалық диафрагма, жоғары өткізгіш коэффициент линзалар тобы және RYYB SuperS сенсоры. Ультра жарықтандыру телефото камерасының дизайны жұқа әрі жеңіл болғанына қарамастан, көп жарық түсіруге қабілетті. Бұл озық мүмкіндіктер әртүрлі түсірілім жағдайында өте жоғары түс пен динамика диапазонына мүмкіндік береді.

Осы уақытқа дейін мен смартфондармен түсірмеуге тырыстым. Себебі мен жылдам қарқынмен түсіремін, үнемі қозғалыста боламын, маған сапалы камера қажет. Дегенмен HUAWEI P60 Pro смартфонын көргенде ойым өзгерді, — деді фотограф Арман Женикеев.

Екі смартфон да фокус қашықтығын икемді басқаруға, алыстын да, жақыннан да анық әрі қанық етіп түсіруге мүмкіндік беретін Long Travel Slide зум-объективімен жабдықталған. HUAWEI P60 сериялы смартфондары ЕMUI 13.1 операция жүйесі бойынша жұмыс істейді. Ол нақты, ыңғайлы әрі қауіпсіз. неғұрлым нақты, ыңғайлы Оған қоса бұл құралдар кез келген ауа райы жағдайында (3D Weather AOD (Always On Display) фото түсіре алады. Сонымен қатар пайдаланушылар дисплейлерін фотоларымен жекелендіре алады. Оған қоса енді қолданушылар бір қолмен-ақ суретке түсіріп, оны масштабтай алады.

HUAWEI P60 Pro смартфонының сырт көрінісі таңғалдырды. Оның камерасы классикалық камераға ұқсайды екен. HUAWEI P60 Pro-ның зум, түнгі түсірілімдегі мүмкіндіктерін көріп оған сөзсіз ғашық болдым, — Скейтбордиңтен халықаралық және жергілікті чемпион, еліміздегі ең үздік экшн фотографтың бірі Виктор Магдеев.

Фото: Huawei

Өз жұмысымда көбіне смартфонды қолданамын. Бұл суретті жылдам өңдеуге, оның мазмұн сапасын анықтауға, тезірек жолдауға мүмкіндік береді, — дейді UNESCO, World Press, Қазақстан мен Ресей кәсіби фотографтар ассоциациясының мүшесі Дарья Дунич.

Қазақстанда 2023 жылғы 30 мамыр-8 маусым аралығында жаңа смартфондарға алдын ала тапсырыс беруге болады. HUAWEI P60 Pro үшін ұсынылған бөлшек сауда бағасы — 649 990 теңге, ал HUAWEI P60 смартфонының бағасы — 599 990 теңге.

Алдын ала тапсырыс бергенде HUAWEI WATCH GT 3 смарт сағаты және HUAWEI FreeBuds Pro 2 құлаққаптары сыйға беріледі. HUAWEI P60 Pro-ның қара және рококо маржаны, HUAWEI P60 қара және жасыл түстері бар. Жаңа смартфондар мен басқа HUAWEI өнімдерін компанияның серіктестері Mechta, Sulpak, Technodom дүкендерінен, сонымен қатар kaspi.kz және jmart.kz сайтындағы Huawei Official Store-дан сатып алуға болады.

Фото: Huawei