Алматы спорт басқармасының бұрынғы басшысы 4,5 жылға сотталды

Медеу аудандық №2 соты Алматы спорт басқармасының экс-басшысы Рүстем Байсейітов пен оның қарамағындағыларға үкім шығарды.

Оларға 367 миллион теңгені жымқырды деген айып тағылды.

Сот үкімі бойынша Рүстем Байсейітов кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан және төрт жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

  • Алматы спорт басқармасының қаржы-экономикалық бөлімінің бұрынғы басшысы Әйгерім Байғонова үш жыл алты айға;
  • «Қазақстан Гольф Федерациясы» РҚБ-ның спорт менеджері Әлия Смақова үш жылға;
  • Qazaq Sport ЖШС директоры Ержан Мұхаманов 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Биыл қаңтарда Антикор Алматы спорт басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты 367 миллион теңге жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқтады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Абай облысындағы өртке тағы екі тікұшақ жіберілді

Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Ибрагим Күлшімбаев Абай облысындағы өртке тағы екі тікұшақ жіберілгенін айтты.

Алматыдан 413 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі 26 мамыр күні сағат 14:07-де жер сілкінісін тіркеді.

Президент Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақордның Telegram каналы хабарлады. 

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына барды

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына барды. Бұл туралы Ақорданың Telegram-каналы хабарлады.

Агенттік TikTok-та тараған құмар ойындарға қатысты ескерту жасады

Қаржылық мониторинг агенттігі TikTok желісінде тараған құмар ойындарға қатысты ескерту жасады.

Президент «Теңгеге 30 жыл» мерекелік медалін бекіту туралы жарлыққа қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық валюта – теңгенің айналысқа енгізілгеніне 30 жыл толуына арналған мерекелік медальді бекіту туралы жарлыққа қол қойды.