Қазақстанда 38 градусқа дейін ыстық болады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 27-29 мамыр аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктер ауа райына әсер етеді, жаңбыр жауып найзағай ойнайды, республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сонымен қатар республиканың оңтүстігінде жел күшейіп, батыс пен оңтүстікте құмды дауыл соғады.

Қазақстанда тәуліктік ауа температурасы жоғарлайды: батыс облыстарда +32-37 градусқа дейін, солтүстік-батыста +30-35 градусқа дейін, солтүстікте +20-30 градусқа дейін, орталықта +20-28 градусқа дейін, оңтүстікте +30-38 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +20-25 градусқа дейін аздап төмендейді, таулы аймақтарда +10-15 градус, шығыста негізгі фон + 23-28 градус, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қазақстанда атом энергетикасын дамыту стратегиясы әзірленіп жатыр

Елімізде атом энергетикасын дамыту стратегиясы әзірленіп жатыр. Бұл туралы энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов айтты.

Алматының үш ауданында уақытша ыстық су болмайды

Алматыда Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандары аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарда уақытша ыстық су болмайды.

Мемлекет басшысы жазушылар одағының төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкеновті қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Жетісу облысында малшылар кооперациясын құру жоспарланып отыр

"Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша Жетісу облысына ауыл тұрғындарының жағдайын жақсарту үшін 3,2 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновтің Кербұлақ ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

Римде қазақстандық дизайнерлер мен зергерлердің топтамалары таныстырылды

Қазақстанның елшілігінде «Салт-дәстүр және заманауи Қазақстан – ғасырлар тоғысында» тақырыбында қазақстандық дизайнерлер мен зергерлер топтамаларымен таныстырды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады.