Қазақстан мен Ұлыбритания арасында рейстер саны артады

24-25 мамырда Лондонда Қазақстан мен Ұлыбританияның авиациялық билігі арасында келіссөздер өтті. Бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Қазақстан тарапынан делегацияны азаматтық авиация комитетінің төрағасы Т. Ластаев, Ұлыбритания тарапынан көлік департаменті басшысының орынбасары Д. Беван басқарды.

Air Astana әуе компаниясының екі елінің авиациялық билік орындары арасындағы қолданыстағы уағдаластықтарға сәйкес 15 маусымға дейін уақытша негізде аптасына бес рейс жиілігімен Алматы — Лондон — Алматы бағыты бойынша тікелей рейстерді орындауға рұқсат етілді.

Келіссөздерде келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, Air Astana әуекомпаниясы Алматы — Лондон бағыты бойынша рейстердің бір бөлігін тоқтатуға мәжбүр болар еді.

Келіссөздер нәтижесінде екі ел арасындағы құқықтық база нығайтылып, Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы рұқсат етілген рейстер саны артты:

  • Астана мен Ұлыбританиядағы кез келген пункт арасында аптасына жеті ретке дейін;
  • Алматы мен Ұлыбританиядағы кез келген пункт арасында аптасына жеті ретке дейін;
  • Қазақстанда енгізілген «ашық аспан» режиміне сәйкес ауа еркіндігінің бес дәрежесін қоса алғанда, тұрақты емес негізде аптасына жеті жүк рейсіне дейін.

Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде Air Astana әуекомпаниясы биыл жыл соңына дейін Лондонға орындалатын рейстер санын аптасына жеті рейске дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Алматы жылу желілерінің жаңа басшысы тағайындалды

Алтай Рахымбетов «Алматы жылу желілері» ЖШС бас директоры болып тағайындалды. 

БҚО-да 1,9 триллион теңгеге 111 инвестициялық жоба пулы жасақталды

БҚО-да өңдеу өнеркәсібі – 20,6%-ға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 4,7%-ға, құрылыс жұмыстарының көлемі - 34,0%-ға, тұрғын үйлерді іске қосу – 2,1%-ға, негізгі капиталға инвестициялар – 34,6%-ға өсіп отыр.

Биыл 635 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

2023 жылы әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлердің санын екі есе ұлғайту көзделіп отыр.

Президент «Теңгеге 30 жыл» мерекелік медалін бекіту туралы жарлыққа қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық валюта – теңгенің айналысқа енгізілгеніне 30 жыл толуына арналған мерекелік медальді бекіту туралы жарлыққа қол қойды.

2023 жылы БҚО-да 570 шақырым жол жөнделеді

Қазіргі таңда облыс бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6 176 шақырымды құрайды. Оның 4762 шақырымы жергілікті маңызы бар жолдар болса, 1414 шақырым жол республикалық маңызға ие.

Қазақстанда тиімсіз тыйымдарға қарсы петиция басталды  

Tastau.qaz қоғамдастығының негізін салушы, журналист Татьяна Фоминова вейпке тыйым салу сияқты жұмыс істемейтін түзетулерді заңға енгізудің орнына қолданыстағы заңнаманы реттеп, сол арқылы мәселені шешуді үндейтін петицияны бастады.