Алматының оқушылары мектеп ауласына 50 түп ағаш отырғызды

«Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы аясында Алматы мен Астананың 17 мектебінде оқушылар мұғалімдерімен және ата-анасымен бірге ағаш отырғызады. Алғашқы 50 түп ағашты Алматыда №27 мектеп гимназиясының ауласына бастауыш класс оқушылары екті.

Бағдарлама аясында оқушылар жалпы 600 түп ағаш отырғызады. Енді қалған 550 көшет Астана мен Алматының мектептеріне жеткізіледі.

Фото: Nestle

Жәния, Ангелина және Амаль — 4-класс оқушылары. Үшеуі бірге екі ағаш отырғызыпты. Көп жұмысты Амальдың істеп жатқанын көрдік.

Ағаштардың атауын ұмытып қалдым, бірақ мынау — егіп жатқан екінші ағашымыз. Өзімді саяжайда жұмыс істеп жатқандай сезінем. Ағаштарға әрі қарай да күтім жасайтын шығармыз. Енді мына еккен ағаштар бізге оттек береді, — дейді Амаль.

Гимназияның директоры Айна Әбдиеваның айтуынша, мектеп – «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасының ең белсенді қатысушыларының бірі.

Былтыр біз «Өз бағыңды өсір» деген жаңа байқауға қатысқанымызға қуандық. Осы тамаша байқаудың арқасында оқушылар қағазды ұқыпты пайдаланудың маңызын және оны қайта өңдеу қажеттігін білді. Бастысы, балалар туған өлкенің табиғи байлығын сақтауда өзінің үлесі қандай екенін түсінді, — деді Айна Әбдиева.

«Нестле» компаниясының корпоративтік жобалар және орнықты даму басқармасының басшысы Светлана Смолина бұл бағдарлама «Дені сау балалар» жаһандық бастамасының бір бөлігі екенін айтты.

Фото: Nestle

Бастаманың мақсаты – 50 миллионнан астам отбасына дені сау және бақытты балаларды тәрбиелеуге көмектесу. Бұл үшін компания бүкіл әлем бойынша салауатты өмір салтын ілгерілету машығы мен әдетін қалыптастыруға бағытталған білім беру жобаларын іске асырып жатыр.

«Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасы 2013 жылдан бастап іске асырылып келеді. Жақында бағдарламаға балаларды табиғатқа ұқыпты қарауға үйретуге бағытталған экологиялық модуль енгізілді.

Былтыр экомодуль аясында «Өз бағыңды өсір» байқауы ұйымдастырылған. Мұғалімдер оқушылармен бірге макулатура жинап, оны қайта өңдеу пункттеріне тапсырған еді. Қатысушылар тапсырылған шикізат туралы ақпаратты байқаудың цифрлық платформасына жариялады. Әр 30 келі макулатура сайтта «цифрлық ағаштарға» айналды. Осылайша 600 ағаш құтқарылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Министрлікке қарасты мекеменің басшылары сотталды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты сот үкімі шығарылды.

Абай облысында төрт күн бұрын басталған өрт сөндірілді

Абай облысында төрт күн бұрын басталған ормандағы өрт сөндірілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда бірнеше көше үш айға жабылады

Алматыда бірқатар көше жылу желілерін қалпына келтіру үшін үш айға жабылады. Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан мен Ұлыбритания арасында рейстер саны артады

24-25 мамырда Лондонда Қазақстан мен Ұлыбританияның авиациялық билігі арасында келіссөздер өтті. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Елімізде машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспары бекітіледі

Қазақстанда машина жасау саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітіледі. Қаулы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Бүгін мектептерде соңғы қоңырау соғылады

Бүгін, 1 маусымда еліміздің барлық мектебінде оқу жылы ресми түрде аяқталады. Білім ошақтарында салтанатты жиын өткізу жоспарланған.