Алматылықтарға ағаш жанына көліктерін қоймау ескертілді

Ведомство өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарына, автокөлік иелеріне ескерту жасады.

Азаматтарды таулы жерлерге бармауды, 112 қызметінің СМС-хабарламаларын, БАҚ-тағы ақпаратты: теледидарды, радионы назардан тыс қалдырмауды сұраймыз. Автокөлік иелеріне ағаштардың, электр желілерінің және басқа да ілулі құрылымдардың астына көліктерін қоймауға кеңес береміз. Қауіпсіз орын табыңыз, арнайы тұрақ орындары болса тіптен жақсы, — делінеді хабарламада.