Басты бетЖаңалықтарМәжіліс депутаты...

Мәжіліс депутаты еліміздегі интернет сапасын сынға алды

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев Қазақстандағы интернет сапасын сынға алды.

Мәжілісмен Нартай Сәрсенғалиев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің атына жолдаған депутаттық сауалында миллиондаған қазақстандық әлі күнге дейін жоғары сапалы интернетті пайдалана алмай отырғанын айтып өтті.

«Қазақстанда интернет бар» деген аты болмаса бүкіл әлемде жылдам саналатын желі біздің елге келгенде табанына тас байлап алғандай көрінеді, — деді мәжілісмен.

Депутат биылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 200 мыңнан астам тұрғыны бар 1 432 ауыл кең жолақты мобайл интернетке қосылмағанын айтты.

Оның айтуынша, 2023 жылғы төрт айының өзінде қазақстандықтар сапасыз интернетке қатысты 5 мыңнан астам арыз-шағым түсірген.

Осы жерде заңды сауал туады, сапасыз интернетті ұсынған операторларға қандай жаза кесілді? Қанша айыппұл салынды? Бұған дейін байланыс операторларына салынған айыппұлды естіп келдік, демек бұл мәселенің шешімі емес екенін түсінетін кез келген жоқ па? Жұртқа айыппұл емес, сапалы интернет қажет емес пе?, — деп толықтырды ол.