Қазақстан жеңіл автокөліктер экспортын 46%-ке ұлғайтты

Қазақстан уран, мұнай өнімдері және жеңіл автокөліктер экспортын айтарлықтай ұлғайтты.

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың айтуынша, министрлік үшін өңдеу өнімдері экспортын 2025 жылы 41 миллиард долларға жеткізу аса маңызды. Былтыр оның көлемі 26,5 миллиард доллар болған.

Биыл 1-тоқсанда өңделген өнімнің сыртқы саудасының жалпы көлемі 18,8 миллиард доллар болды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен 32%-ке жоғары. Кейінгі үш жылда бұл көрсеткіш 63%-ке өсті. Осы кезеңде шикізаттық емес тауарлар экспорты 5,9 миллиард доллар болды. Өсім 7,6%-ті көрсетті, — деді Қайрат Төребаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Сыртқы нарыққа шикізаттық емес экспортты ілгерілету туралы» баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, экспорттың өсуімен қатар оның географиясы да кеңейіп келеді.

Биыл қазақстандық шикізаттық емес экспорт әлемнің 106 еліне жөнелтілді. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда алты елге артық. Өңделген тауарлардың негізгі импорттаушылары: Ресей, Қытай, Өзбекстан, Түркия, Нидерланды, Ұлыбритания, Жапония, Қырғызстан, Грузия, Ауғанстан, — деді вице-министр.

Экспортқа шығарылған негізгі тауарлар арасында мыс және катодты мыс, ферроқорытпа, уран, мұнай өнімдері, күміс, бидай ұны, табиғи газ және тағы басқасы бар.

Қайрат Төребаевтың айтуынша, экспорт өсімі мына тауарлар бойынша тіркелген:

  • уран – 51,6%-ке;
  • мұнай өнімдері – 52,5%-ке;
  • күнбағыс майы – 19,9%-ке;
  • минералды тыңайтқыштар – 2,8 есе;
  • жеңіл автокөліктер – 46%-ке;
  • сутек, инертті газ және тағы басқалары – 24%-ке.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Мемлекет басшысы бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамотасын қабылдады

Мемлекет басшысы бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда адамдарды кім құтқарады? Шұғыл топтың жұмысынан фоторепортаж

Baribar.kz тілшілері Алматының құтқару қызметі мекемесіне барып, құтқарушылардың жұмыс күні қалай өтетінін біліп қайтты.

Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 30 мамырға арналған бағамын белгіледі.

Алматыда дәмхананың жазғы алаңына ағаш құлады

Алматыдағы "Аккунин" дәмханасының жазғы аумағында ағаш құлады. Бұл туралы Алматы құтқару қызметі хабарлады.

Әскерде жүрген сарбаздың несиесі уақытша тоқтатылады

Әскерде жүрген сарбаздың несиесі уақытша тоқтатылады. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 26 мамырға арналған бағамын белгіледі.