Сингапур президенті Халима Якобты Ақордада салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сонымен қатар Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары орындалды.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Сингапур президенті Халима Якобпен келіссөз жүргізеді деп жоспарланған.
Кездесуде екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.