Қасым-Жомарт Тоқаевтың 17-19 мамырда Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары туралы деректі фильм түсірілді.
Мемлекет басшысы Сиань қаласында Қытай басшысы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізіп, стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды.
Қазақстан президенті «Орталық Азия-Қытай» саммитіне де қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапарының қорытындысын Қазақстан Республикасы президентінің телерадиокешенінің «Алтын достық» атты жаңа деректі фильмінен көруге болады. Телетуынды бүгін телеарналардан көпшілік назарына ұсынылады.