Басты бетЖаңалықтарХаменова тастанды...

Хаменова тастанды балаларға арналған жәшік идеясын көтерді

Депутат жаңа туған нәрестелердің қоқыс жәшігінен жиі табылып жатқанына үлкен алаңдаушылық білдірді. Осыған қатысты ол Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа жолдаған депутаттық сауал жолдады.

«Бас прокуратураның мәліметтері бойынша, 2016 жылы Қылмыстық кодекстің 119 бабы «баланы қауіпті жағдайларда қалдырып кету» фактісі бойынша ішкі істер органдары 15 іс қозғады. 2017 жылдың 3 айында 8 оқиға тіркелді. Өкінішке қарай, мұндай оқиғалар өсіп жатыр. Қыздар ұрпақ жалғастыруы тиіс. Қыздарымыздың тәрбие-өнегесі — болашақ буынның тағдыры», — деді Хаменова Мәжілістің пленарлық отырысында.

Сондай-ақ ол оқу орындарында жас қыздардың руxани дамуына ден қою қажеттігін атап өтті.

«Кейбір елдерле «үміт бесігі» — бэби-бокс деген бар. Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және қоғамдық ұйымдарға күш біріктіретін уақыт жетті. Осындай «үміт бесіктері» көптеген батыс елдерінде медициналық мекемелердің жанында орнатылады. Осылайша, мыңдаған нәрестенің өміріне араша болды. Аталмыш бокстарды орнату орын алған жағдайды шеше алар еді», — деді ол.

ДереккөзInform.kz