Басты бетЖаңалықтарЕлімізде 18-20...

Елімізде 18-20 мамыр аралығында ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері елімізде 18-20 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына Оңтүстік циклон және содан туатын атмосфералық фронттар әсер етеді. Осыған байланысты ел аумағында жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай жарқылдайды.

18-20 мамырда — солтүстік-батыста, орталықта, 18-19 мамырда — оңтүстікте, 18-20 мамырда — еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Сонымен қатар республика бойынша жел күшейеді. Қазақстан бойынша температуралық фон жоғарылайды. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі уақытта 3 градусқа дейін үсік болады.