Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда инфляция...

Қазақстанда инфляция 16,8%-ке дейін бәсеңдеді

Қазақстанда инфляция ақпан айында жылдық мәннің шарықтау шегіне жеткеннен кейін сәуір айында 16,8%-ке дейін бәсеңдеді.

Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин айтты.

Қазақстандағы инфляция ақпан айында жылдық мәннің шарықтау шегіне жеткеннен кейін сәуір айында 16,8%-ке дейін бәсеңдеді. Бұл ұлттық банктің болжамдарына сәйкес келеді. Оған азық-түлік бағасы көптеп үлес қосып, жылдық мәнде 17,9%-ке дейін бәсеңдеді. Ақылы қызметтердің инфляциясы да 13,7%-ке дейін бәсеңдеді. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың жылдық баға индексі 18,2%-ке өсті, — деді Виталий Тутушкин.

Оның айтуынша, жылдық инфляцияның бәсеңдеуіне қарамастан, инфляцияның айлық көрсеткіштері құбылмалы.

Сәуір айындағы мөлшер әлі де 2017-2021 жылдар аралығындағы орташа мәннен артық болып отыр. Тұрақсыз инфляциялық күтулер, мемлекеттік шығыстардың үздіксіз ұлғаюы, сонымен бірге жанар-жағармай нарығы мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметтерінде уақыты келген реформаларды іске асыра бастау түріндегі ішкі проинфляциялық факторлар сақталып, жүзеге аса бастады. Факторлардың жиынтық балансы орта мерзімді перспективада инфляцияны төмендету үшін 2023 жылдың бірінші жартысында ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде сақтауды айқындайды. Базалық мөлшерлеме бойынша бұдан кейінгі іс-әрекеттер мамыр айындағы жаңа деректерді ескере отырып жаңартылған болжамға байланысты болады, — деді Виталий Тутушкин.