Алматының бірнеше шағынауданында суық су сөндіріледі.
«Алматы су» МКК-ның екі ауданындағы бірнеше тұрғын үй алаптары технологиялық жабдықты жоспарлы ауыстыруға байланысты бір күнге суық сумен жабдықтаудан ажыратылатынын хабарлады.
17 мамырда сағат 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін Медеу ауданының Атырау-1, 2, 3 шағынаудандарындағы тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға суық су беру тоқтатылады. 18 мамырда сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін Әуезов ауданының «Таугүл-1» шағын ауданы №44-52, «Таугүл-2» шағын ауданы №1-4, 7-9, 12-14, 21-30, 36-40, 95-97 үйлерінде су беру уақытша тоқтатылады, — делінген хабарламада.