Басты бетЖаңалықтарАлматының бір...

Алматының бір ауданында үш емдеу мекемесі салынады

Алматының Наурызбай ауданында 500 келушіге арналған екі жаңа емхана мен бір дәрігерлік амбулатория салынады.

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде айтты.

Құрамыс шағынауданындағы бірінші емхана бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Қазан айында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын аламыз деп ойлаймын. Қаржының бөлінуіне қарай құрылысты 2024 жылдың I-ші тоқсанында бастауды жоспарлап отырмыз, — деді әкім.

Сонымен қатар ол екінші емхана бойынша Шұғыла шағынауданында жобалау ұйымымен шарт жасалғанын айтты.

Биылғы IV-ші тоқсанда мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу көзделіп отыр, құрылыс 2024 жылғы көктемде басталады. Бұған қоса, Ақжар шағынауданындағы 200 орындық дәрігерлік амбулатория бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Құрылыс шамамен 2024 жылдың II-ші тоқсанында басталады,- деді Ерболат Досаев.