«Ұмай» әйелдер ипотекасына өтініш қабылдау басталды

«Ұмай» әйелдер ипотекасына өтініш қабылдау басталды. Бұл туралы «Отбасы банк» хабарлады.

Биыл үшінші траншқа 15,6 миллиард теңге бөлінді. Кредиттің 40%-і Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларына тұрғын үй сатып алуға бөлінеді, бұл шамамен 200 кредит. Ал кредиттің 60%-і облыстар мен басқа қалалардан тұрғын үй сатып алуға беріледі. Бұл шешім облыста тұратын әйелдерді қолдау үшін қабылданды, — делінген хабарламада.

Бағдарламаның шарты:

  • Мөлшерлеме 14,4% (жылдық тиімді мөлшерлеме 15,4%-тен), одан кейін 3,5%-5%-ке (жылдық тиімді мөлшерлеме 3,6%-тен) дейін төмендейді;
  • ал бастапқы жарна 15%-тен 20%-ке дейін;
  • тұрғын үйдің максималды құны – 30 миллион теңге.