Министр қазақ тілінің ҰБТ-дан алып тасталуына түсініктеме берді

«12 жыл бойы орыс мектептерінің түлектері қазақ тілін ҰБТ аясында тапсырып келсе де, оның нәтижелері есепке алынбады. Тіл білімін бағалау нәтижелері грантты алуға ықпал етпеді. Сонымен қатар мектеп түлектерінің бір бөлігі қазақ тілін тест негізінде емес, мектепте әзірленген билеттер бойынша тапсырды. ҰБТ екі кезеңге бөлінуі себепті және биылғы мектеп түлектерінің 100 пайызы қазақ тілін тапсыруы мақсаты қойылып отырғандықтан, атестатты алу үшін әрбір түлек емтиxан тапсырып, тіл білімін тестілеу қорытындылары бойынша сәйкес бағасын алуы тиіс», — дейді Ерлан Сағадиев.

Министрдің айтуы бойынша, түлектердің басым көпшілігі қазақ тілінде тапсыратындар екен.

«Жоғары оқу орнына барған кезде қазақ тілінде мектеп бітірген түлектер ҰБТ-ны қазақ тілінде алып отыр. Биылғы жылы олардың үлесі 80-85 пайыз көлемінде. Ал 15 пайызы бірыңғай тест ретінде қазақ тілін тапсыратын болады», — дейді Ерлан Сағадиев.

ДереккөзBaq.kz