Комиссия сұранысқа ие мамандықтарды қысқа мерзімдік кәсіби оқытатуға ат салысатын колледждер мен мектептердің тізімін жасады.
Биыл Астанада аталған курстар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешісі, аспаз, наубайшы, тігінші, шаштараз, электр-газ дәнекерлеуші, электромонтаждаушы, сауда менеджері, бақылаушы кассир мен даяшы мамандықтарына баулиды. Астананың 14 оқу орны осы бағдарламаға үміткер болды.
Комиссия соның ішінде 8 оқу орнын таңдап алды. Атап айтар болсақ, «Астана қалалық менеджмент және бизнес колледжі» ЖШС, «Еуразиялық гуманитарлық институт колледжі» мекемесі, Астана қаласы әкімдігінің “Көппрофильді колледжі», «Басқару колледжі» ЖШС, «Іскер” бизнес академиясы» ЖШС, «Шаштараздар мектебі» ЖШС, «Ақмола курс комбинаты» ЖШС және “Орталық” ЖШС.
Айта кетейік, 2017 жылы 2017-2020 жылдарға арналған Халықты жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікке тарту бағдарламасы аясында 500 жұмыссыз азаматқа тегін курс беру жоспарланған.