Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Құрманғалиев Жеңіс күніне арналған әлеуметтік төлемдер туралы айтты.
Бүгінде Алматыда 56 ғана соғыс ардагері қалды. Оларды материалдық қамтамасыз ету үшін 1,5 миллион теңге көлемінде біржолғы төлем жасалады, — деді Серік Құрманғалиев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифиңде.
Сонымен қатар екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне және басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарына қатысушыларға жеңілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлерге 50 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі, ал олардың жалпы саны – 13 мың адам.
Ардагерлер кеңесінің өкілі мереке күндері қаладағы әрбір майдангерді олардың отбасына барып, қала басшылығы жеке құттықтайтынын жеткізді.