Алматыда «Қара шапан» ерекше арт-нысаны орнатылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қара шапан» мүсінін қазақстандық суретші Сырлыбек Бекботаев жасады. Үш метрлік шапан күйдірілген металдан өріліп жасалған. Салмағы – жарты тонна, диаметрі – 3,5 метр.
Бұл мүсін кездейсоқ таңдалмаған, шапан — мәдени код. Ол қазақ және Орталық Азия мәдениетіне бағыттайды, онда көшпенділер құрмет, бірлік және өзара түсіністік символы ретінде шапанмен алмасқан, — деді Сырлыбек Бекботаев.
Алматы әкімдігінің қолдауымен суретшінің шығармашылық идеясын жүзеге асыруға меценаттар көмектескен. Қаланың жаңа арт-нысанын Панфилов пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысынан көруге болады.