Астанада қазақстандық кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты.
Гүлмира Сатыбалды қылмыстық кодекстің 389-бабы 4-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және алты жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Сонымен қатар Гүлмира Сатыбалды қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі 1,8-тармағы және осы баптың 125-бөлігінің 2-тармағы бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және жеті жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын, — деді судья Кемеңгер Имашев.
Айта кетейік, бұған дейін прокурор Гүлмира Сатыбалдыны сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Еске салайық, Гүлмира Сатыбалды бизнесті басып алудың және заңсыз бас бостандығынан айырудың басқа эпизодтары бойынша тергеуге алынған еді. Жәбірленушілерге келтірілген залалдың алдын ала сомасы 6,6 миллиард теңгеден асады.