Жаңаөзенде аштық жариялаған жұмыссыздарға жалақысы 280 мың теңгеден 140 мың теңгеге дейінгі бос жұмыс орындары ұсынылды.
Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аштық жариялаған Жаңаөзен тұрғындарына «Жұмыс жасаймын» өңірлік бағдарламасы аясында жұмысқа орналасудың түрлі нұсқасы ұсынылды. Тұрғындар жұмыс жасай жүріп, мұнай саласына жұмысқа орналасу кезегін күте алады, — делінген хабарламада.
Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, қазіргі уақытта Жаңаөзендегі 13 компания 200-ден астам түрлі бағытта бос жұмыс орындарын ұсынған. Мысалы: сәулетші, өндіріс инженері, call-орталық операторы, кассир-бухгалтер, асхана қызметкері, автослесарь, менеджер, электрик, сату менеджері, клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер, сатушы, тазалық қызметкері, әкімші және т. б.
Ұсынылған бос жұмыс орындарының ең жоғарғы жалақысы — 280 мың теңге, лауазымына, біліктілігінің болуына байланысты ең төменгі жалақы — 140 мың теңге. Жаңаөзен әкімдігінің қызметкерлері жиналғандарға қолда бар жұмыс орындарына жұмысқа орналасуды және мұнай-газ саласына жұмысқа орналасу алгоритмі шеңберінде өз кезегін күтуді ұсынды, алайда жұмыссыздар жалпы кезекті айналып өтіп, «Өзенмұнайгаз» АҚ-на жұмысқа орналасуды талап етті, — делінген хабарламада.