Енді итін сыртқа жетектеп алып шығарда міндетті түрде оның арнайы төлқұжатын да алып жүру қажет. Нақтырақ айтқанда, иттің төлқұжаты мен қоғамға қауіп төндірмейтіні жөніндегі сертификатын өзімен бірге алып жүруі тиіс. Ал ит егесі мұндай құжатқа (сертификатты) арнайы оқу орнынан бір айлық курстен өткеннен кейін ие бола алады.
Сондай-ақ, иттің қарғыбауына жалғанған жіптің ұзындығы бір жарым метрден аспауы керек әрі иттің тұмсығына тұмылдырық кигізілуі тиіс. Ережелер қатарына ит егесі өзімен бірге бір реттік пакет алып жүруі де енгізілді. Ол пакет иті көшені нәжісімен былғамасы үшін қолданылады.
Астана қаласының табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Олжас Керімбековтың айтуынша, үй жануары егесінің қолында оған 12 айда екпе егілгенін растайтын санитарлық құжаты болуы керек.
Итті түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ға дейін көшеге алып шығуға тыйым салынады.